Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және ақша аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 38 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және ақша аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 38 қаулыға қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының
тізбесі